Шымкентте 500-ге жуық адамды алдаған алаяқ әйелдер ұсталды

1267

Шымкентте полицейлер тұрғындарды 400 млн теңгеге алдаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкентте 500-ге жуық адамды алдаған алаяқ әйелдер ұсталды

Polisia.kz дерегінше, 2021 жылы күзде 3 әйел тұрғынға қалай тез баюға болатынын айтқан. Осылайша, олар азаматтарды 1 млн теңге көлемінде кредит алуға көндірген. Күдіктілер тұрғындарға "300 мың теңгені өзіңе, ал қалған 700 мың теңгені бізге бер. Кредитті толық өзіміз жабамыз" деп сендірген. Алайда несие төлейтін уақыт келгенде әйелдер із-түссіз жоғалып кеткен. 

Кейін жәбірленушілер полициядан көмек сұраған. Тәртіп сақшылары куәгерлермен сөйлесіп, алаяқтар жүруі мүмкін орындарды бейнекамералар арқылы тексерген. Нәтижесінде, полицейлер күдіктірлердің ізіне түсіп, олардың кім екенін анықтаған, әрі қамауға алған.

3 әйел де Түркістан облысының тумалары болып шықты.

Тергеу барысында алаяқтар 500-ге жуық адамды алдағаны анықталды. Шығынның мөлшері шамамен 400 млн теңге.

"Бұл қылмысқа қатысы бар 3 әйелді ұстадық. Олар бірнеше рет алаяқтық қылмысын жасағаны анықталды. Әйелдер күдікті деп танылды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Шымкент қаласы полиция департаментінің тергеушісі Спандияр Зайнидин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу