Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов оқушылар сарайының құрылыс жұмыстарымен танысты, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Нысанның құрылысы өткен жылы басталған. Бүгінгі таңда оның 70%-ы орындалды.
500 балаға арналған оқушылар сарайы 3 қабаттан, 3 блоктан тұрады. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық бағыт, спорттық сауықтыру бағыты, көркемдік-эстетикалық және өлкетану бағыты, гуманитарлық және жастар қозғалысы, үлкен және кіші бассейндер.
Ақпаратқа сәйкес, нысан тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істеп, 7-18 жас аралығындағы 2000 бала әртүрлі үйірмеге қатыса алады.
Қосымша 81 көлікке арналған көлік тұрағы, 35 адамға арналған асхана бар.