Шымкентте 6 адамды қағып кеткен автобус жүргізушісіне үкім шығарылды

401

Шымкентте болған жол апатына қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды. 

Шымкентте 6 адамды қағып кеткен автобус жүргізушісіне үкім шығарылды Фото: pixabay.com

Алты жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісіне үкім шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Шымкент қаласының арнайы прокуратурасы бес айдан астам уақыт бойы болған оқиғаның мән-жайын зерделеді. Тергеу мәліметтері бойынша, 49 жастағы Хайрулла Юлдашев сол қайғылы күні 21 нөмірлі автобусты қол тежегішіне қоюды ұмытып кеткен.

Зардап шеккен тарап жүргізушіге ең ауыр жазаны талап етті. Алайда, соңғы сот отырысында қаза тапқандардың туыстары сотталушыны кешірді.

Прокурор өз кезегінде жүргізушіге 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ер адам тірі қалған жалғыз әйелдің материалдық шығынын өтеу керек.

Сотталушының кінәсі дәлелденді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Ол сондай-ақ 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Жәбірленуші тарап Дариға Сейдалиеваға қатысты материалдық залалды қанағаттандырамын, - деп қылмыстық сот судьясы Жанат Мүсірәлі үкімді оқыды.

Осы жылдың сәуір айында Шымкентте жол апаты болғанын еске саламыз. Тежеуіші іске қосылмаған автобус жол жиегінде тұрған 6 адамды қағып кеткен. Үшеуі оқиға орнында қайтыс болды, екеуі ауруханада есін жиған жоқ, тек 18 жастағы Дариға Сейдалиева ғана аман қалды, ол қазір мүгедек болып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу