Шымкентте 6 жасар баланың өлімінен кейін 2 кәсіпкер қамауға алынды

192

Олар жарылған кәріз құбырын дер кезінде жамап, уақытында апаттың алдын алмаған.

Шымкентте 6 жасар баланың өлімінен кейін 2 кәсіпкер қамауға алынды Фото: pexel

Оқиға "Тұран-1" мөлтек ауданында орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, олар жарылған кәріз құбырын дер кезінде жамап, уақытында апаттың алдын алмаған. Сондай-ақ қауіпті аумақты қоршау және ескерту белгілерін қоймаған. Полиция мердігер компания басшыларын қамауға алды. 

Былтыр "Тұран" шағынауданында кәріз құбыры жарылып, оны жамауға келгендер шұңқыр қазып тастап кеткен. Оған кәріз суы толып, тереңдігі үш метрлік көлшікке айналған. Жергілікті билік жұмысқа мердігерді жалдаған. Олар тағы бір компанияға тапсырса да жұмыс жасалмаған. 

Бұған дейін Шымкенттегі Тұран шағын ауданында 6 жасар бала ашық жатқан кәріз шұңқырына құлап, ажал құшқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу