Шымкентте 64 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері 8 жыл түрмеде отырады

210

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Шымкентте 64 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері 8 жыл түрмеде отырады Фото: canva.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында аса ірі көлемде қаржы жымқырған есепшінің ісі қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Сотталушы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған.

Ол Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бас есепшісі лауазымын атқарып жүріп, 2021-2023 жылдар аралығында белгіленген еңбекақы сомасынан артық мөлшердегі қаражатты өзінің шотына аударып отырған.

Осылайша, К. өзіне сеніп тапсырылған 64 295 513 теңге, яғни, аса ірі мөлшерде мемлекет ақшасын жымқырған. Қазіргі таңда келген шығын өтелмеген.

Сотталушының кінәсі өз жауабымен, жәбірленуші өкілінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және іс бойынша жинақталған өзге де айғақтар жиынтығымен толық дәлелденді.

Прокурор К-ға 7 жылға бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі жаза тағайындау мәселесін соттың қарауына қалдырды.

К. кінәсін толық мойындап жеңіл жаза тағайындауды, ҚК-нің 63-бабын қолданып шартты жаза беруді сұрады.

Сот К-ны ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға соттады.

Іс бойынша берілген талап арыз толық қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу