Шымкентте 675 отбасы баспаналы болды

1027

Шымкентте 675 отбасы баспаналы болды

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 675 отбасы баспаналы болды. Нұрсәт шағын ауданындағы 35 пәтерлі қызметтік үй мен Тұран шағын ауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілттерін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қоныс иелерін құттықтаған аймақ басшысы халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қалада соңғы жылдары тұрғын үй салу жұмысы қарқын алғанын айтты.

Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 35 пәтерлі қызметтік үйді баспана кезегінде тұрған - мәдениет саласы, әскерилер мен мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер алды.

Ал, Тұран шағын ауданындағы 640 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Бәйтерек Девелопмент" АҚ-ның есебінен салынған. Мұндағы 339 пәтер жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғандар арасында бөлінді.

Оңтүстік Қазақстанда 2017 жылы 263 үйдің құрылыс жүргізіліп, жыл соңына дейін 116 үйдің құрылысы аяқталады. Осының нәтижесінде жыл соңында 6000 отбасы баспаналы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу