Шымкентте "7-20-25" бағдарламасымен алғашқы пәтерлер берілді

1443

Жеті қабатты 4 тұрғын үйден тұратын "Жас отау" тұрғын үй кешені аяқталды.

Шымкентте "7-20-25" бағдарламасымен алғашқы пәтерлер берілді

Шымкентте жаңа жыл қарсаңында "Жас отау" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге келген қала  әкімі  Ғабидолла Әбдірахымов жеті қабатты 4 тұрғын үйдің "7-20-25" бағдарламасы бойынша  салынғанын атап өтті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді тапсыру жұмыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асып отыр. Бүгінгі күні 224 отбасы баспаналы болса, олардың 15 жанұя "7-20-25" бағдарламасымен пәтерлерге қол жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу