Шымкентте 7 жасар бала екінші қабаттан құлап, көз жұмды

317

Бала аса ауыр дене жарақатын алған

Шымкентте 7 жасар бала екінші қабаттан құлап, көз жұмды Фото: azattyq-ruhy.kz

Қайғылы оқиға 24 шілдеде Есіл көшесінің бойында болған, деп жазады Inbusiness.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Құтқарушыларға жеті жасар баланың екінші қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Бала аса ауыр дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

Баланың анасының айтуынша, ол дәретханаға кіріп кеткен сәтте бала балконға шығып, артынша құлап кеткен.

"Москит торына сүйенген балалар оның қауіпті екенін түсіне бермейді. Москит торлар жеңіл болғандықтан, бала салмағын көтере алмай, баламен бірге құлап кетеді. Қайғылы оқиғаның алдын алып, терезе қатты ашылмайтын етіп арнайы бекіткіштер орнатыңыз", – дейді ТЖД бөлім меңгерушісі Ирисмат Махмудов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу