Бірінші сынып оқитын баланың сол күні кешкі сағат 17:00 шамасында үйінен шығып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті тұрғындар ол шұңқырдың көпқабатты үйлерге арналған септик үшін бірнеше жыл бұрын қазылғанын айтады. Кейін құрылысы тоқтап, ашық әрі қараусыз күйде қалған. Шұңқырдың тереңдігі – 2 м, ұзындығы 50 метрге жуық.
Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
– Полиция өлімге қатысты қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.