Шымкентте 7 жасар баланың өлімінен кейін аудан әкімі қызметінен кетті

359

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Шымкентте 7 жасар баланың өлімінен кейін аудан әкімі қызметінен кетті Фото: kazpravda.kz

Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты кадрлық шешімдер қабылданды. 

Оқиға кешкі уақытта далаға ойнауға шыққан 7 жастағы 1-сынып оқушысы Айдын Сәуірбайдың үйіне оралмауынан басталған.

Іздестіру жұмыстары барысында баланың денесі іші суға толған ашық шұңқырдан табылды.

Аталған шұңқыр кәріз құбырын жөндеу жұмыстары аясында қазылған және былтырдан бері ешқандай қоршаусыз, ашық күйінде жатқан. Бұл мердігер мекеменің тарапынан салғырттыққа жол берілгенін көрсетеді.

Қызметтік тексеру нәтижесінде қала әкімі тиісті шаралар қабылдады: аудан әкімі қызметінен босатылды, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына қатаң сөгіс, ал осы салаға жауапты қала әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланды.

Қала әкімдігі қайғылы оқиғаға себеп болған мердігер ұйымдардың да жауапкершілігі қаралатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу