Шымкентте 72 отбасы баспаналы болды

962

Шымкентте 72 отбасы баспаналы болды

Бүгін Шымкент қаласы Тұлпар мөлтек ауданында жаңа "Тұлпар" тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, ондағы 3 қабатты көппәтерлі екі тұрғын үйдің кілті тапсырылды.  Көп қабатты тұрғын үйдегі  пәтердің кілті "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша оңтүстікқазақстандық 72 отбасыға берілді. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қоныс иелерінің қуанышымен бөлісіп, әрбір шаңыраққа береке, бірлік тіледі, деп хабарлайды otyrar.kz.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, күнгейде жылына 75 мың сәби дүниеге келеді. Яғни, өңірде баспанаға деген сұраныс жылдан-жылға артады деген сөз. 

Оңтүстікте 277 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.  Биыл 30 үй пайдалануға беріледі, ол 100 мың шаршы метрді құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу