Шымкентте 73 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілді

667

Биыл Шымкентте 73 азамат қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды.  

Шымкентте 73 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілді Фото: Google

Қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Қайтарымсыз 1 миллион теңге өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы жарты жылдағы орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі.

Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.

Сертификатқа "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде "2-10-20", "5-10-20" бағыттары шеңберінде тұрғын үй алған азаматтар банктен мақұлдау алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында өтінім жолдай алады.

Өтініш www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу