Шымкентте 8 адамның атынан несие алған әйел ұсталды

1284

Күдікті жәбірленушілерге атаулы әлеуметтік көмек алып беремін деп сендірген, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Шымкентте 8 адамның атынан несие алған әйел ұсталды

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек алуға көмектесеін деп сендірген. Осылайша оның жеке мәліметтерін пайдаланып, шағын несие беру ұйымынан онлайн несие рәсімдеген. Бұл жайтты арызданушы телефонына несие алғандығы туралы хабарлама келгенде білген.

"Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап, заңсыз онлайн несие рәсімдеген азаматшаны қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған күдікті иемденген қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жұмсап жіберген",- деп жазылған ақпаратта.

Ұсталған тұрғынның бұдан өзге жеті адамның атынан шағын несие ұйымынан онлайн несие рәсімдегенін анықталған. Оларға да мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек шығарып беремін деп сендірген.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу