Шымкентте 80 жастағы зейнеткер немересін құтқару үшін алаяқтарға 11 мың доллар берген

Әл -Фараби аудандық ПБ-ға қарт кісі алаяқтық туралы арызбен жүгінді.

Шымкентте 80 жастағы зейнеткер немересін құтқару үшін алаяқтарға 11 мың доллар берген Фото: gov.kz

Жәбірленушінің айтуынша, оған бейтаныс нөмірден белгісіз адам қоңырау шалып, немересі апатқа ұшырағанын және шұғыл түрде қымбат ота жасау қажет екенін айтқан, деп хабарлайды Polisia.kz. 

"Өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған ер адам қыздың оқиғаға кінәлі екенін, бірақ белгілі бір сомаға жазадан құтылуға болатынын айтқан. Шошынған зейнеткер немересіне көмектесу үшін, қоңырау шалушының барлық шарттарына келіскен. Олар ақшаны алу үшін такси жіберіп, қала тұрғыны сол арқылы 11 мың доллар салынған сөмкені берген.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Жедел іздестіру жұмыстары барысында қылмысқа қатысы бар 26 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның курьер міндетін атқарғаны анықталды. Яғни, ол көрсетілген мекен-жайлардан қолма-қол ақша алып, “басшыларының” есепшотына аударып отырған. Жұмыс ақысы үшін жалпы соманың 10 пайызын иеленген. Ер адамның тағы да осындай алаяқтыққа қатысы бар екені белгілі болды. Олар кезекті құрбаны Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Ол сіңілісіне ота жасау үшін және оны жауапқа тартпау мақсатында жалған полиция қызметкерлеріне 1 млн теңге төлеген.

Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар басқа да күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ПД. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу