Шымкентте 80 жылдық тарихы бар 210 метрлік мұржа құлатылды

936

Шымкентте 80 жылдық тарихы бар 210 метрлік мұржа құлатылды

Шымкентте 210 метрлік мұржа құлатылды. Бұрынғы қорғасын зауытының иелігіндегі алып нысанды арнайы техника алтыншы күн дегенде әзер құлатқан, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қорғасын зауыты тоқтағалы бері қаңыраған нысаннан темір іздегендар мұржаға зақым келтірген болатын. Алып мұржаның астын үңгіп темірлерін алып кеткен. Сол себепті қала басшылығы оны бұзу туралы шешім қабылдаған болатын.

Жақын маңдағы үйлерге қауіп келуі мүмкіндігін ескерткен мамандар, алдан ала құбырға жақын орналасқан 300 үйге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен кездесті. Хаттама түзді. Ақыры 80 жылға жуық тарихы бар мұржаны құлату 17 қараша күні бастады.

ҰОС қезінде жауға атылған әр алтыншы оқты шығарған зауыттың құбыры алтыншы күн дегенде әзер құлатылды. Ендігі мәселе оның ішіндегі құрылыс материалдары. Жергілікті басшылар осы мәселені шешуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу