Шымкент қаласы аумағында "Пәтер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу. Сондай-ақ қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, заңсыз көші-қонның жолын кесу.
Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары қала аумағында орналасқан 1630 пәтер мен жеке тұрғын үйлерді аралады. Оның ішінде жалға берілетін пәтерлер тексеріліп, онда тұрып жатқан 378 азаматтың тіркеусіз тұрып жатқаны анықталды. Бұған қоса 964 қару иесі тексеріліп, қаруды тіркеу және сақтау тәртібін бұзғаны үшін 24 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз тіркелмеген бір қару тәркіленіп алынды.
Көші-қон заңнамасын бұзған 87 шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аудандық полиция басқармалары мен учакелік полиция пункттеріне барлығы 446 тұлға жеткізіліп, қол саусақ іздері алынды.