Шымкентте 9 адам белгісіз газдан уланды

1197

Шымкент қаласы экология департаментінің қызметкерлері газдың қайдан тарағанын анықтап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкентте 9 адам белгісіз газдан уланды

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен тұрғындар ауруханаға жатқызылған.

"Оның бесеуі мектеп қызметкері, төртеуі оқушы. Ауруханаға жатқызылған кезде олардың жағдайы орташа ауыр болды. Қазір науқастардың жағдайы жақсарды", - деді ауруханадан

Қалалық экология департаментінің мамандары қазір газдың қайдан таралғанын анықтап жатыр.

"Оңтүстік" индустриялды аймақ ауданындағы құдықтың маңында бензолдың 12,5%-ға артық мөлшері анықталды. Қазіргі таңда біз оның қайдан таралғанын анықтап жатырмыз. Ол зауыттан немесе ассенизатор көлігінен таралуы мүмкін", - деді департамент қызметкері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу