Қала аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу, уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктерді есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтау мақсатында 16 қаңтардан бастап Шымкентте "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды otyrar.kz.
Тәулік ішінде Шымкент қаласының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасының 32 бұзушылығын анықтаған, оның ішінде 27 шетелдік азамат пен 5 Қазақстан азаматы бар.
15 құқықбұзу туралы ескерту жасалып, 8 әкімшілік айыппұл салынды, 9 шетелдік әкімшілік қамауға алынды және сот шешімімен басқа мемлекеттердің 2 азаматы елден шығарылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы полиция департаментінің қабылдау-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 22 адам қамауға алынды.
Шетелдік азаматтарды заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз ететін 4 азамат және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабын бұзған басқа мемлекеттің 1 азаматы анықталды.
Сонымен қатар, өзге мемлекеттің азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігін бұзғаны анықталды. "Мигрант" жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда.