Шымкентте 9-сынып оқушысы жүкті болып қалды

970

Шымкенттегі жалпы орта мектептердің бірінде оқитын жасөспірім қыздың аяғы ауыр болып қалған.  

Шымкентте 9-сынып оқушысы жүкті болып қалды

Ол бұған дейін білімді қашықтан алып келген екен, дәстүрлі форматқа ауысқан оның аяғы ауыр екенін алғашқы болып қатарластары мен мектеп психологы байқапты. Әзірге оқушы қыздың кімнен жүкті болғаны айтылмайды. Қалалық білім басқармасы басшысының айтуынша, бұл оқиғадан өзі басшылық ететін  басқарма хабардар. Қазіргі таңда бұл іспен полицейлер айналысып жатыр екен.

"Қыздың жүкті екені мектепке келген кезінде анықталды. Бұл оқиға құзырлы органға хабарланды. Қазіргі атңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деді басқарма басшысы Жанат Тәжиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу