Шымкентте 92 жастағы тыл ардагері ауыр хәлде пәтерден табылды

113

Кейуана туралы мәлімет еріктілер арқылы әлеуметтік желіде таралған.   

Шымкентте 92 жастағы тыл ардагері ауыр хәлде пәтерден табылды Фото: Шымкент қ., Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

Оқиға орнына учаскелік полицейлер, дәрігерлер және Төтенше жағдай қызметкерлері келген соң пәтердің есігі ашылған, деп жазады inbusiness.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, оқиға Асқар көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған.

1933 жылы туған қарт әйел қараусыз қалған. Көршілері ол бірнеше күн бойы пәтерден шықпай жүргенін, ал оған бұрын күтім жасаған әпкесі жоқ екенін байқап, дабыл қаққан.

– Оқиға орнына әлеуметтік бейімдеу орталығының мобильді тобы барды. Мамандар есіктің ішінен бекітілгенін байқап, бірақ саңылаудан әйелдің бөлмеде жатқанын көрген, - деп хабарлады әлеуметтік қызметкерлер.

Зейнеткер ауыр жағдайда табылып, дереу әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді. Онда оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Әлсіреген кейуанаға ыстық тамақ берілді. Сосын гигиеналық күтім жасалып, медициналық бақылауға алынды.

Жалғызбасты кейуананың бұл оқиғасы еріктілердің күш-жігерінің арқасында кең көлемде қоғамдық резонансқа ие болды. Олар тыл ардагері тұратын пәтерден видео жариялаған.

Белсенділердің сөзінше, қарт әйел бұрын қарттар үйінде болған, бірақ оны әпкесі алып кеткен. Алайда, әпкесі тиісті күтім жасамаған деп болжанып отыр.

Қазір аталған жағдай бойынша құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу