"Жолға таласқан": Шымкентте адам өліміне әкелген төбелес бойынша 4 күдікті ұсталды

420

Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жолға таласқан": Шымкентте адам өліміне әкелген төбелес бойынша 4 күдікті ұсталды Фото: видеодан алынған кадр

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті 4 ер адам анықталып, ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша "адам өлтіру", "бұзақылық" және "адамды ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілерді анықтап, ұстау мақсатында Полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу