20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары арасында жанжал шығып, салдарынан оқиғаға қатысушылар пышақ жарақатын алған. Жәбірленушілердің бірі көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Адам өлтіру жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шымкент қаласы Полиция департаменті күдіктілердің жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша қажет шаралар қабылдап жатыр. Күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларына Полиция департаментінің барлық күші мен құралы жұмылдырылды", – деп хабарлады өңірлік полиция.
Айта кетейік, кеше Шымкентте көшедегі жаппай төбелес адам өлімімен аяқталған болатын.