Оқиғаға байланысты қала әкімі арнайы комиссия құруды тапсырды. Қазір мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алғашқы болып аула тазалаушылар жағдайды көріп, жедел жәрдем қызметін шақырған. Артынша полиция келген. Бала оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Осыдан кейін баланың денесін полицейлер мәйітханаға алып кеткен.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бала сол маңдағы үйлердің бірінде отбасымен бірге тұрады. №36 мектептің 4-сынып оқушысы болған. Отбасында үш баланың ортаншысы.
Айта кетейік, 11 ақпанға қараған түні Шымкентте жаңбыр жауып, арты қарға ұласқан. Қалың қардың салмағын көтере алмаған ағаштар бірінен соң бірі сынып жатыр.
Қала әкімдігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына жан-жақты көмек пен қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.