Шымкентте баудағы ағаш түбіне көмілген граната табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның жедел бөлімшесі, Шымкент қаласының полиция департаменті және 69 мекемесінің жедел бөлімі бірлескен жедел іс-шаралар ұйымдастырған. Нәтижесінде 7 наурызда Шымкент қаласының Қазығұрт шағын ауданындағы баудағы ағаш түбіне көмілген 2 Ф-1 қол гранатасы және 3 дана тартпасы табылған.
"Әрі қарай жедел іс-шараларды жалғастыру барысында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы қоқыс арасына жасырылған 1 "ОСА ПД-4" травматикалық тапаншасы (тергеудегі Н.С-нің өз айыбын мойындау жауапхатына сәйкес) және Шымкент қаласының Тұран шағын ауданындағы шалғайда орналасқан су жүйесіне арналған бетон астына жасырылған Калашников қаруына ұқсас бір автомат, 1 бір ұңғылы мылтық және 15 дана әртүрлі қарудың оқ дәрілері табылып, құжатталды", - делінген хабарламада.
Болған оқиғалар бойынша (әрбір дерек) ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес қылмыстық іс-қозғалған. Жедел іс-шараға белсенді қатысқан ҚАЖД жедел уәкілдері марапаттауға ұсынылды.