2020 жылдың 23 қаңтарында Шымкент қаласында "Әйелдер мен бизнес: жаңа мүмкіндіктер-2020" атты ІІІ бизнес-форум өз жұмысын бастайды, қалалық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Форумның мақсаты: аймақ экономикасының тұрақты дамуы үшін әйелдер бизнес-қауымдастығын ақпараттандыру және белсендіру.
Форум жұмысына "Атамекен" ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, "Атамекен" ҚР ҰКП төралқа мүшесі Ләззат Рамазанова, Шымкент қаласының басшылығы, кәсіпкерлер, басқа аймақтардағы ІӘК делегаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҮЕҰ, депутаттар, БАҚ қатысады.
Форум бағдарламасында: Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі атқарған жұмысы туралы есеп және 2020 жылға арналған жобалар, Шымкент қаласының ІӘК мүшелері компанияларының өнімдері мен қызметтерінің көрмесі, екінші деңгейлі банктер мен даму институттарының әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шаралары туралы сөз сөйлеуі, мастер-класстар, жергілікті дизайнерлер топтамасының дефилесі, панельдік сессиялар және т. б.
Бизнес-форум Шымкент қаласы, Республика даңғылы, "Саукеле" салтанат үйінде сағат 10-00-де өтеді.