Шымкентте әкім мен басқарма басшысының орынбасарлары жауапқа тартылды

239

Мемлекет кірісіне 36 920 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Шымкентте әкім мен басқарма басшысының орынбасарлары жауапқа тартылды Фото: qmonitor.kz

Шымкентте Қаратау ауданы әкімінің орынбасары мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары жазаланды. Олар жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыс жайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаратау ауданы прокуратурасы жүргізген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде жолдарды күтіп ұстау жөніндегі заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталған.

Қалалық прокуратура хабарлауынша, 2023 жылы жергілікті атқарушы органмен жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен 549 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 84 миллион 574 мың теңгесі ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы. Алайда жолдар мен көшелерді тазалау жұмыстары, оның ішінде ішкі аумақтар мен тротуарлар, сондай-ақ шұңқырлау жұмыстары жүргізілмеген.

"Қаратау ауданы әкімінің орынбасары мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасарына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 631-бабына сәйкес 2 хаттама толтырылды. Мемлекет кірісіне 36 920 теңге көлемінде айыппұл өндірілді", - деді қалалық прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу