Шымкентте әкімдіктің 26 қызметкері жазаланды

285

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкентте әкімдіктің 26 қызметкері жазаланды Фото: gov.kz

Олар жауапқа тартылды.

Талдау барысында қала прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың сот жосықсыз деп таныған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуда бұл тізімге енгізбеу фактілерін анықтаған. Нәтижесінде бұл оларға конкурстарға еркін қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы келісімдер жасасуға мүмкіндік берген.

"Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімі аппаратының 26 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деді Шымкент қаласы прокуратурасы. 

Еске салсақ, біз бұған дейін Шымкентте Қаратау ауданы әкімінің орынбасары мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары жазаланғанын жазған едік. Олар жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыс жайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамаған. 

Ал оған дейін Шымкентте екі басқарманың бұрынғы басшылары балаларды үйірмесіз қалдырғаны белгілі болды. Бұл фактіні де прокурорлар анықтап, экс-шенеуніктер жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу