Шымкентте әкімдіктің 54 қызметкері құмар ойынға әуес болған

225

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбектің мәліметінше, қалалық прокуратураның ұсынысы негізінде 54 қызметкердің лудоманияға бой алдырғаны анықталған.

Шымкентте әкімдіктің 54 қызметкері құмар ойынға әуес болған Фото: canva

Олардың 30-ы – мемлекеттік қызметші, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда 14 қызметкер өз еркімен жұмыстан кетіп, тәртіптік жазаға тартылған. Ал 10 қызметкер қызметтік әдепті өрескел бұзғаны үшін теріс себептермен жұмыстан шығарылған.

Қазіргі таңда 20 қызметкерге қатысты қызметтік тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Бұл – заң талабы. Біз бұл жағдайда өзгеше әрекет ете алмаймыз. Әрине, жанымыз ауырады. Олар білікті мамандар болуы да мүмкін. Алайда бұл – дерт. Олар оған шалдықты. Теріс қылықпен жұмыстан кеткеннен кейін басқа мекемеге орналасуы да қиынға соғады. Оны да ескеріп отырмыз. Бірақ заң – баршаға ортақ, одан жоғары тұратын ешкім жоқ. Сондықтан заң талаптары қатаң сақталуы тиіс, – деді Сәрсен Құранбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу