Шымкентте "Ақтөбе" мен "Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері жаппай төбелесті

324

Жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Шымкентте "Ақтөбе" мен "Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері жаппай төбелесті Фото: видео скриншот

Ақтөбе" мен "Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері Шымкенттегі ойын алдында жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жексенбі күні Шымкенттегі Қажымұқан атындағы Орталық стадионда Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол клубтары арасында кездесу өтті. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. 14-минутта Хосе Севаллос "Ақтөбе" командасын алға шығарғанымен, үзілістен кейін 72-минутта Шахбоз Умаров гол соқты.

Матч алдында екі клубтың жанкүйерлері төбелесіп қалды. Match.kz порталының мәліметінше, шымкенттік полицейлер ақтөбелік жанкүйерлерді стадионнан шығарып тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу