Шымкентте алаяқтар зейнеткердің шотынан 46 млн теңге шешіп алған

164

Күдіктілер қамауға алынды.

Шымкентте алаяқтар зейнеткердің шотынан 46 млн теңге шешіп алған Фото: atvmedia.ru

Қашықтықтан алаяқтық жасаған екі күдіктіні киберполицейлер "Аnti-fraud" іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

69 жастағы қала тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Жәбірленуші алдымен "ұялы байланыс операторларынан" SIM-картасының мерзімі аяқталғаны туралы қоңырау қабылдағанын айтты. Мерзімді ұзарту үшін ол SMS-кодты берген. Біраз уақыттан кейін азаматшаға "құқық қорғау органдарынан" хабарласып, шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалғандар алаяқтар екенін жеткізген.

Зейнеткер қаскөйдің нұсқауымен шотындағы бар ақшаны шешіп алып, жинап тергенін сақтап қалу үшін "сенімді қолға" уақытша тапсырған: ішінде 46 млн теңге бар пакетті жалған құқық қорғаушылар ауладағы орындықтан алып кеткен.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

Шымкент ПД киберпол бастығының орынбасары Шыңғыс Жайлаубектің айтуынша, бұл қашықтан жасалатын алаяқтықтың кең таралған схемаларының бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу