Шымкентте алаяқтық жасаған әйел ұсталды

179

Ол "жоқ" пәтерлерді жалға берумен айналысқан.  

Шымкентте алаяқтық жасаған әйел ұсталды Фото: polisia.kz

Киберполицейлер интернет арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында ол тұрғындардың сенімін пайдаланып, жоқ пәтерлерді жалға беріп, ақша тапқаны анықталып отыр.

Күдікті әлеуметтік желілер мен танымал хабарландыру сайттарында пәтерді жалға беру туралы хабарландыру жариялаған. Жалға алуға ниеттілер хабарласқанда, әйел алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алған соң, байланысқа шықпаған.

Күдіктінің 4 алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу