Шымкентте әлеуметтік көмек алушылар 22 пайызға азайған

401

Өңірде жыл басынан 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Шымкентте әлеуметтік көмек алушылар 22 пайызға азайған Фото: Halyq Uni

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әл-ауқатын арттыру. Мемлекет басшысы өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орындарын құруды тапсырды. Халықты жұмыспен қамту шараларына биыл 57 мың адам жоспарланып, оның 42 мыңын тұрақты жұмыспен қамтуымыз қажет", деді шаһар басшысы. 

Ол атағандай, жыл басынан 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 

"Соңғы жылдары жұмыспен қамту шараларын күшейту арқылы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайып, 10 794 отбасыны құрады (2022 ж. 5 айы –13 778 отбасы)", - деді Мұрат Әйтенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу