Шымкентте әлеуметтік такси қызметі тоқтады

538

Әлеуметтік такси ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған.

Шымкентте әлеуметтік такси қызметі тоқтады

Салдарынан мүмкіндігі шектеулі жандар уақтылы ем ала алмай отыр, деп жазады inbusiness.kz, Хабар24 арнасына сілтеме жасап. 

Өйткені такси қызметінің орнына ата-аналардың әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай көмек беріледі. Әлеуметтік такси қызметі тоқтатылғанына мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қарсы. Ата-аналар бұл қаражатқа балаларды уақтылы ем-дом алуға жетпейді деп санайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өкілдері осы мәселе бойынша жиналған ерекше балалардың ата-аналарына, олардың талап-тілегі ескерілетінін айтты.  Алдағы уақытта жәрдемақы көлемін ұлғайту туралы тиісті мекемеге ұсыныс әзірленетін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу