Шымкентте алғаш рет электрондық коммерция орталығы ашылады

962

Қала әкімдігі мен "Қазпошта" АҚ және "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ арасында үшжақты ынтымақтастық меморандумы түзілді. 

Шымкентте алғаш рет электрондық коммерция орталығы ашылады

Еліміздің үшінші мегаполисінде электрондық коммерцияны дамыту қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен "Қазпошта" АҚ және "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ арасында үшжақты ынтымақтастық меморандумы түзілді. 

Меморандум аясында қаланың алғашқы электрондық коммерция орталығы ашылатын болады. Бұл жұмыстар Шымкент әкімдігінің 2019-2021 жылдарға арналған жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде атқарылып отыр.

Бұл жоспарда электрондық коммерцияны дамытуға ерекше назар аударылған. Мысалы, әзірленген қолдау шараларының бірі Қазақстан мен Өзбекстан бойынша Шымкент интернет дүкендерінің тауарын жеткізуге жұмсалатын шығындарды өтеу көзделген. Тауарларды жеткізу "Қазпошта" АҚ арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бір терезе қағидасы бойынша бизнес үшін бірыңғай қызмет супермаркетін ашу қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу