Шымкентте алғаш рет косплей фестивалі ұйымдастырылды

933

Шымкентте алғаш рет косплей фестивалі ұйымдастырылды

Шымкентте алғаш рет косплей фестивалі ұйымдастырылды. Шара аясында қатысушылар белгілі бір фильм, компьютерлік ойын немесе жапон анимесіндегі кейіпкердің образына енуге тиіс болды, деп хабарлайды tvk-uko.kz.

Әлем бойынша ең ауқымды "Комик кон" деп аталатын косплей фестивалі 1970 жылы Сан Диегода өткізілген болатын. Ал еліміздің тұрғындары аталған салаға 10-15 жылдан бері көңіл бөліп келеді. Мәселен Алматылықтар жылына 4 рет "костюмдер ойынын" ұйымдастырып, жеңімпазды анықтайды. Ал үшінші мегаполисте алғаш рет өткен "Shymkent cosplay 2017" сайысына 20-ға жуық үміткер қатысты. Олар өздерінің көңілінен шыққан фильм және ойындар негізінде топтық және жеке нөмірлер әзірлеген.

Фестивальдің басты талабы кейіпкердің костюмі сатып алынбай, қатысушының немесе арнайы маманның қолынан шығуы шарт. Сондай-ақ олар образға сәйкес рөлдерінде сомдап шығуы керек.

Байқау соңында жапон анимэсінің образына енген Аэлите Гаитова жеңіс тұғырынан көрінді. Ал Маска және Лара Крофтты сомдаған косплеерлер жүлделі орынның біріне ие болды. Қатысушылар енді бұл фестиваль Шымқалада дәстүрлі түрде өткізілсе деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу