Шымкентте алғаш рет мойын омыртқасын ауыстыру отасы жасалды

1454

Дәрігерлер науқастың мойын омыртқасындағы жарықты кесіп, орнына жасанды омыртқааралық диск қоюды меңгерді.

Шымкентте алғаш рет мойын омыртқасын ауыстыру отасы жасалды

Түркістан облысында алғаш рет мойын омыртқасын ауыстыру отасы жасалды. Ота краснодарлық нейрохирургтардың күнгейлік дәрігерлерге өткізген шеберлік сабақтары барысында жүзеге асты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Екі жақты тәжірибе алмасу барысында науқастың мойын омыртқасындағы жарықты кесіп, орнына жасанды омыртқааралық диск қоюды меңгерді. Екі күнге созылған дәріс барысында мойын омыртқасында жарығы бар екі науқасқа ота жасалды.

"Бұл шымкенттік оташыларға өткізіп отырған алғашқы дәрісім емес. Бұған дейін бел мен кеуде омыртқаларындағы жарықты алмастыру жолдарымен бөліскенмін. Ал енді мойын омыртқасына жасалатын отаны үйреніп жатыр. Соңғы әлетте мойын омыртқасының жарығы белең алып келеді. Мәселен, Ресейде 1 жылда осындай диагнозы бар 2500 адамға ота жасаймын", - дейді Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері, нейрохирург-ортопед Игорь Басанкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу