Шымкентте алғаш рет жүректі ауыстыру операциясы жасалды

565

61 жастағы тұрғынның жүрегі ауыстырылды.

Шымкентте алғаш рет жүректі ауыстыру операциясы жасалды Фото: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

Шымкентте алғаш рет жүректі ауыстыру операциясы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Шымкент жүрек орталығында" 61 жастағы тұрғынның жүрегі ауыстырылды. Ол көп жылдан бері "жүрек жетіспеушілігі" диагнозымен есепте тұрған. Ота кезінде кардиохирургтар пациентке 46 жастағы ер адамның жүрегін орнатып берді. Донорлық жүректі қайтыс болған ер кісінің туған-туыстары пайдалануға рұқсат берген.

Айта кетейік, жүрек алмастыру отасы "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пя, Ұлттық ғылыми кардиохирургия және Шымкент жүрек орталығы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу