Шымкентте алимент төлемегендерден 384 млн теңге өндірілді

264

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.  

Шымкентте алимент төлемегендерден 384 млн теңге өндірілді Фото: gov.kz

Шымкент прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында алимент өндіру жұмыстарының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қадағалау органының мәліметінше, жүргізілген шаралар барысында 119 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 81 адамға әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылған.

Сонымен қатар балаларын асырау міндетінен жалтарған тұлғаларға қатысты 29 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 22 іс сотқа жолданған.

Прокуратура қабылданған шаралардың нәтижесінде 384 млн теңге көлемінде алимент өндірілгенін хабарлады.

Қала прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлемеу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес, алимент төлеу міндетін орындамағандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу