Шымкентте алимент төлеуден жалтарғандардан 36 автокөлік тәркіленді

141

Прокуратураның тапсырмасы бойынша, 36 автокөлікті тәркілеу және эвакуациялау жөнінде қаулылар шығарылды.  

Шымкентте алимент төлеуден жалтарғандардан 36 автокөлік тәркіленді Фото: pixabay.com

Шымкентте прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп алимент өндіру бойынша рейд жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында жеке сот орындаушылары борышкерлердің атына тіркелген көліктерді анықтады.

"Сергек-Защита" жүйесі мен жедел басқару орталығының көмегімен 7 автокөлік айып тұрағына жеткізілді. Тек бір күннің ішінде 4,7 млн теңге алимент қарызы өндірілген.

Прокуратура төлемнен жалтару қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және бала құқығы мемлекет қорғауында екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу