Шымкентте алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелер балаларына миллиондаған теңге қарыз

556

Ресми деректер бойынша Шымкентте 840 ер адам әкелік борышын өтеуден қашқақтап жүр. 

Шымкентте алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелер балаларына миллиондаған теңге қарыз Фото: Выберу.ру

Шымкентте алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелер балаларына 800 млн теңге қарыз, деп жазады inbusiness.kz Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, олардың басым бөлігі жұмысы жоқтықты сылтауратады. Алайда іс жүзінде өздерінің нақты кірісін жасыратын көрінеді.

"139-бапқа сәйкес алименттен қашқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олар 600 сағаттық қоғамдық жұмысты орындауы тиіс. Бұдан бөлек оларға 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе шартты мерзім қолданылады. Егер адам 3 ай ішінде алимент төлемесе, онда ол сот орындаушылары туралы заңға сәйкес борышкерлер тізілімінде тіркеледі және шұғыл шаралар қабылданады", - деді Шымкент қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры Бауыржан Мырзалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу