Шымкентте алимент төлемеген әкелер жазаланды

447

9 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Шымкентте алимент төлемеген әкелер жазаланды Фото: freepik

Шымкентте алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала прокуратурасына сілтеме жасап.

Биылғы қараша айы шаһарда "Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қарсы күрес айы" деп белгіленді.

Осыған байланысты алимент төлеу міндетін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерді  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту бағытында жұмыстары  жандандырылды.

Прокуратура қызметкерлерінің жүргізілген талдау жұмыстары нәтижесінде алимент төлеу міндетін орындамай жүрген 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Тергеп-тексеру амалдары жүргізу нәтижесінде бүгінгі күні оның ішіндегі алимент берешектері 2млн. теңге және 381 мың теңге болған борышкерлерге қатысты қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды, ал қалған 9  қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Аталған істер қала прокуратурасының бақылауына алынып, осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу