Шымкентте менингитке шалдыққандар саны артқан. Соңғы алты айда бұл сырқатты жұқтырғандар саны 40 адамға жетті, деп хабарлайды Atameken Business.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл вирусты әсіресе 5 пен 14 жас аралығындағы балалар жиі жұқтырады. Қазір жұқпалы аурулар ауруханасында осы диагнозбен 2 жасөспірім емделіп жатыр. Мамандар ми құрты ауруының бұлайша өршіп кетуіне шілденің ыстығы да себеп дейді. Өйткені осы ауруды жұқтырған балалардың басым көпшілігі аптап ыстықта хауыздарға шомылғанын айтқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу