Шымкентте анасы мен қызын көлік қағып кетті

639

Анасы мен қызы оқиға орнында көз жұмды.  

Шымкентте анасы мен қызын көлік қағып кетті

10 қазан таңғы сағат 9:30 шамасында Шымкент қаласы Төлеметов көшесі бойында Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік апатын жасады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Салдарынан 43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды. Жайтты полицейлер СТТБТ-де ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен “Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан бұзуы” тіркеді.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу