Қазығұрт шағын ауданы, Көктоған көшесінде жоғары қысымды құбырдан табиғи газдың шығуы анықталды.
Апат салдарынан 1 100 тұтынушы, 2 өндірістік кәсіпорын және 2 тұрмыстық коммуналдық мекеме газдан уақытша ажыратылды.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандары газ құбырларында болуы мүмкін ақауларды анықтау мақсатында қала аумағындағы жерасты және жерүсті газ құбырларына тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін қауіпсіздік шаралары барысында жоғары қысымды құбырдан табиғи газдың шығуы анықталды", - делінген қалалық әкімдік таратқан ақпаратта.
Қала әкімдігі қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланатынын алға тартты. Осы ретте жауаптылар тұрғындардан газ крандарының жабық болуын қадағалауларын сұрайды.
Газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет.