Шымкентте әр 15 минут сайын 1 нәресте жарық дүние есігін ашады

431

"Шаңырақ" күніне орай қаладағы перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте әр 15 минут сайын 1 нәресте жарық дүние есігін ашады Фото: canva.com

Мерекелік іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысып, жаңа босанған аналарға "Наурыз базарлық" естелік кәдесыйларын табыстады.

"Наурызды тойлау бүгін Шаңырақ күнімен жалғасып жатыр. Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады. Міне, соның арқасында біздің қаламыз еліміздің дамуына ерекше үлес қосып отыр деп айта аламын. Мемлекет басшысы, үкіметіміз де халқмыздың санының молаюына ерекше мән беріп, қолайлы жағдай жасап отыр", – дейді Сәрсен Абайұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда қала бойынша 4 перзентхана жұмыс істейді. Қалада жыл басынан бері 4 911 сәби дүниеге келді. Оның 2 493-і ұл болса, 2 418-і қыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу