Шымкентте арақ дайындайтын жасырын цех табылды

611

Заңсыз цехта дайындалған алкоголь өнімдері қаладағы азық-түлік дүкендерінде сатылып келген.

Шымкентте арақ дайындайтын жасырын цех табылды

Жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған өнімдер дайындаумен айналысатын орынды Шымкент қалалық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында анықтаған. Дайындалған алкоголь өнімдерінің қаладағы азық-түлік дүкендерінде сатылып келіпті.

Тексеру барысында 18 түрлі алкоголь өнімдерінің 6671 бөтелкесі, 15 тонна спирт, 67 есепке алу-бақылау маркалары, сұйықтықтарды араластыратын сорғы, алкоголь өнімдеріне арналған 146 бос қорап және 750 бос бөтелке, 500-ден астам қақпақшалар мен 40 625 теңге ақша қаражаты анықталып, тәркіленіп алынған.
"Қазіргі таңда жасырын цех қызметі толығымен тоқтатылды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды (көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдану және өткізу).

Қазіргі уақытта, қылмыстық іс шеңберінде осы іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды, тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде" делінген қалалық Экономикалық тергеу департаментіндегілер.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу