Шымкенттегі базарда "тірі тауар" – арыстанның марғауын сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жедел уәкіл қызметкерлері жануарды Түркістан облысының тұрғынының көлігіндегі жүк салғыштан тапқан.
"Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелді", – делінген полиция хабарламасында.
Қылмыстық кодекске сәйкес күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу