Қала аумағындағы көшелердің бірінде аса ірі мөлшердегі есірткіні сақтап, тасымалдап жүрген 53 жастағы Түркістан облысының тұрғыны құрықталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон екендігі расталып, жалпы салмағы 39 грамды құраған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері бұл есірткі заттарының қайдан жеткізілгенін және қылмысқа қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша қосымша жедел-іздестіру жұмыстарын атқарып жатыр.