Шымкентте аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған алматылық тұрғын ұсталды

72

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Шымкентте аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған алматылық тұрғын ұсталды Фото: Видеодан скриншот

Шымкент қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел іс-шаралары барысында синтетикалық есірткі затын тасымалдаған күдікті қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел іс-шаралар барысында Алматы қаласы тұрғынының басқаруындағы Hyundai Elantra маркалы автокөлігі тоқтатылды.

– Тексеру барысында автокөлік салонынан скотчпен оралған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 1 келі психотроптық зат болған. Аталған заттың Шымкент қаласы аумағында жасырын орындарға қою арқылы таратуға арналғаны анықталды, – делінген Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу