Шымкентте аса iрi мөлшерде есірткі заттарын өндірген зертхана жойылды

217

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Шымкентте аса iрi мөлшерде есірткі заттарын өндірген зертхана жойылды Фото: Pixabay.com

Шымкент қаласының прокуратурасы үйлестіруімен Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы арнайы операция жүргізу барысында "Бозарық" шағын ауданында орналасқан жеке үйде синтетикалық есірткі дайындау зертханасы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған мекенжайды тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, прекурсорлар және өткізу мақсатында заңсыз дайындалған аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттары анықталды.

Шамамен 10 келіге жуық мефедрон синтетикалық есірткі және 2 тонна көлемдегі прекурсорлар тәркіленді.

Аса iрi мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарды бей-жай қалмауға және мұндай фактілер анықталған жағдайда, дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу